Павлодардағы қарақшылық іс бойынша 20 жыл іздеуде жүрген күдікті елге қайтарылды
Күдікті 2006 жылы Павлодар қаласында бір топ адаммен бірге қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ресей Федерациясынан Павлодарда шамамен бұрын жасалған қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы экстрадицияланды.
— Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан топ болып жасалған қарақшылық шабуыл үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады. Тергеу мәліметінше, күдікті 2006 жылы Павлодар қаласында бір топ адаммен бірге қару ретінде пайдаланылған затты қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін иемденген, – делінген хабарламада.
Іс бойынша өзге күдіктілер бұған дейін әртүрлі мерзімге сотталған. Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған азамат қылмыс жасағаннан кейін құқық қорғау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.
2025 жылдың қыркүйегінде ол Ресейдің Новосибирск облысында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Өзіне тағылып отырған қылмысты жасағаны үшін оған мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.