Павлодарда жолдың бөлігінде жүрген түйенің иесі жазаланды
Ол 36 920 теңге айыппұл төлеу тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
Облыс орталығында көшелердің бірінде жолдың қозғалыс бөлігінде екі өркешті жануардың жүрген сәті бейнеге түсіп, әлеуметтік желіде таралды.
– Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін түйе иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаментінде.
Сондай-ақ, жануардың иесімен мұндай бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді.