4 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық күтіледі
Күндіз ауа температурасы...+32°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +18...+20°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді.
Күндіз сынап бағанасы +30...+32°C-қа дейін көтеріледі. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Павлодар қаласында түнде +15...+20°C. Жауын-шашын болмайды.
Күндіз +30...+35°C дейін ысып, аптап ыстық күтіледі.
Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.