Павлодар облысында шілденің аяғына дейін ыстық сақталады

Павлодар облысында шілденің аяғына дейін ыстық сақталады

Облыстың кейбір жерлерінде өткінші жаңбыр өтуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 25 шілдеде жауын-шашынсыз күн болады. Түнде сынап бағанасы +12...+17°С көрсетсе, күндіз +25...+30°С көрсетеді. 

26 шілде күні де жауын-шашынсыз ауа райы болжамдануда. Желдің жылдамдығы батыста секундына 9-14 метрге дейін соғады. Күндіз +27...+32°С дейн ыстық болады.

27 шілдеде түнде оңтүстікте, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Күндіз сынап бағанасы +26...+31°С дейін көтеріледі.

28 шілде күні облыстың кейбір жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Түнде +15...+20°С, ал күндіз +25...+30°С болады. Облыстың солтүстігінде жел жылдамдығы  9-14 метрге дейін соғады. 

29 мен 30 шілде күні де өткінші жаңбыр болады. Жел солтүстік-батыста секундына 9-14, ал облыстың өзінде 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Шілде айының соңғы күнінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +12...+17°С, ал күндіз +28...+33°С болады.

Фото: Константин Шелков