Павлодарда жоғалып кеткен бала табылды
7 жасар бала мектептен шыққаннан соң хабарсыз кеткен болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мұстафа Нұрланұлының жоғалғаны туралы Vita еріктілері хабарлады. Сонымен қатар, қуанышты жаңалықты да еріктілер Instagram-да мәлімдеді.
- Табылды, бала аман, - деп жазды еріктілер.
Алайда, әлеуметтік желідегі жазбаның астындағы пікірлер арасында баланың автобустан табылғаны жазылған. Дей тұрғанмен, нақты ақпарат берілген жоқ.
Еске сала кетейік, Мұстафа Нұрланұлы 6 наурызда № 17 мектептен шығып кеткен және сол күйі оралмаған. Ол 2015 жылы 29 шілдеде дүниеге келген.