Екібастұзда зиратты су басты
Әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиға орнында үш су сорғыш техникасы орнатылып, жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, шынжыр табанды экскаватормен топырақ үйіру жұмыстары жүргізілуде.
Су сорғызу жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады.
Фото: Бейнежазбадан жасалған скриншот