19 қыркүйекте Павлодар облысында үсік жүреді
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады.
Солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 0..+5, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде -3 градус аяз күтіледі, күндіз +15..+20 градус жылы болады.
Павлодар қаласында аздаған бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде +1..+3 көрсетеді, топырақ бетінде -2 градус үсік жүреді, күндіз +17..+19 градус жылы ауа райы сақталады.