Павлодарда қалалық бассейн уақытша жабылады

Павлодарда қалалық бассейн уақытша жабылады
Фото: pixabay.com/anncapictures

Оған табиғаттың тосын мінез танытуы себеп болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

–  Дауылды жел мен оның салдарына байланысты қалалық бассейн 20-22 маусым аралығында жабылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп хабарлады қалалық әкімдікте. 

Осы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, суы ауыстырылады.  

Еске сала кетейік, 19 маусым күні өңірде жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Облыс орталығында 47 нысанның, оның ішінде алты әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келді. Ақсу мен Екібастұзда – 23 нысан, Баянауыл ауданында 7 нысан зардап шекті, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, 16 адам зардап шеккен, оның ішінде үшеуі  – бала. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғыны қайтыс болды.