Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші сотқа тартылды
Бұл – орны толмас қайғылы жағдайларға жиі себеп болатын ең қауіпті жол ережесін бұзушылықтардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Оқиға Малайсары батыр көшесінде тіркелді.
– Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі қарсы жолақ арқылы бұрылмақ болып, өзге көліктерге нақты қауіп төндірген. Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты материал сотқа жолданды, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста осындай қауіпті маневрлер үшін 123 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.