Павлодарда бірқатар мекенжайларда су уақытша өшіріледі
Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпан күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Ген. Дүйсенов көшесі, 2/2, 4, 4/8, 4 К2;
- Торайғыров көшесі, 10, 10/1, 14, 16 (№33 балабақша), 18, 18/1, 18Б, 20, 24 (№28 ЖОББМ), 26, 28, 28/1, 30, 32, 34, 36, 40, 42, 44, 44/1, 46, 48/8;
- Астана көшесі, 1А (№21 балабақша);
- Баян батыр көшесі, 2, 4, 6 үйлеріне де әсер етеді;
- Олжабай батыр көшесі, 9, 9/1, 9/2, 11, 11/1 (№18 балабақша), 13, 15, 17, 17/1, 19, 19/2, 21.
Мамандар аталған мекенжайлардағы тұрғындар мен мекеме әкімшіліктерінен алдын ала су жинап алуды сұрайды.