Павлодарда қазақтың көне ойыны «ләнгі тебу» жаңғыртылды
Қалалық мәдениет сарайының алдында 1 мамыр мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жүздеген адам отбасыларымен бірге Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Кішкентай балалар үшін ұйымдастырушылар арнайы алаңдар дайындап, үстел ойындары бар аймақтар қойды. Жасы үлкен адамдар үшін алтыбақан, секіріп ойнау, атқа міну, мас-рестлинг, арқан тарту, дойбы, асық ату, күрес ұйымдастырылды. Ләнгі ескі ойыны тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды.
– Ләнгі тебу – қазақтың көне ойындарының бірі. Қазір жастардың көбі бұл ойынды білмейді. Осылай естеріне түсіріп, жаңғыртып тұру пайдалы деп ойлаймын. Көбінесе бұл ойында 40-тан асқан үлкен адамдар жеңіп жатады. Өйткені бала кездерінде ойнаған. Бұрындары қорғасынды құйып, оған қойдың немесе ешкінің терісін жабыстырған. Ләнгінің өз өлшемі бар. Мысалы, тебуге ыңғайлы болу үшін жүз граммнан аспау керек. Егер асып кетсе ол тез құлайды, ауырлау болады, – дейді Шахмат үйінің жаттықтырушысы Жалғас Досымбеков.
Ойынның жеңімпазы ләнгіні 36 рет тепкен Атамекен ауылынан келген 60 жастағы Махамбет Абрахман болды.
Мерекедегі тағы бір тартымды аймақ он метрлік кілем болды. Онда Павлодар Балалар көркемсурет мектебінің 70-тен астам тәрбиеленушісінің жұмыстары біріктірілген. Мекеме басшысы Лейла Мағзумованың айтуынша, киіздің көмегімен авторлар адамдарды, жануарларды, ежелгі сәулет элементтерін, ою-өрнектерді, музыкалық аспаптарды, петроглифтерді көрсетті. Оқушылар кілемді қаңтар айынан бастап дайындаған.
Мерекелік концерт екі алаңда болды. Кәсіби әртістермен бірге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өз өнерімен көрермендерді қуантты. Олар өзбек карнайында, тәжік дутарында ойнауға, гуцулов – крисанидің бас киімін киіп көруге немесе неміс ұлттық костюміндегі қуыршақты тамашалауға болатын фотоаймақтары бар көрмелер ұйымдастырды.
Мерекеге әртүрлі этностардың киім элементтерін таңдау мүмкіндігін Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ұсынды. Көрмеде кавказ ұлтының белдеуі мен қанжары, татар және әзірбайжан ұлты әйелдерінің бас киімдері, неміс ұлтының сүлгілері, Беларусь аяқ киімдері және корей желдеткіштері ұсынылды.