Павлодарда қоршалмаған траншеяға құлаған сиырға қатысты іс қаралды

Павлодарда қоршалмаған траншеяға құлаған сиырға қатысты іс қаралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Н.-ның М.-дан материалдық шығын өндіру туралы талап-арызын қарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Сот анықтағандай, 2023 жылдың қазан айында талап қоюшыға тиесілі сиыр жауапкерге қарасты аумақтағы қоршалмаған траншеяға құлап, мерт болған. Аумағында ескерту белгілері қойылмаған. Жауапкер бұл оқиғаға өзі емес, екі отбасының малын кезекпен баққан У. кінәлі деп, талапты мойындамады.

Сот сиырдың өлімі жауапкерге тиесілі учаскеде орналасқан су құбырына арналған траншеяға құлау салдарынан болғанын анықтады. Осыған байланысты жауапкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңға сәйкес, тәуліктің қараңғы уақытында мал жаю тек арнайы жайылымдарда ғана рұқсат етілген. Талап қоюшының бұл ережелерді бұзғаны ескеріліп, сот жауапкердің кінәсін 50%-ға азайтып, 245 000 теңге шығын өндіру туралы шешім шығарды.

Сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. 

Үкім заңды күшіне енді.