Павлодарда құбыр жарылып, көшені су басты
Ақауды жою үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Толстой – Иса Байзақов көшелерінің қиылысындағы жылу желілерінде гидравликалық сынақ жүргізу кезінде құбыр жарылды.
– Оқиға орнында «Павлодар тепловые сети» ЖШС-ның авариялық бригадасы жұмыс істеп жатыр,– деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Қалиев.
Қазіргі уақытта ақаудың шыққан жерін анықтау үшін Толстой көшесіндегі магистралдік құбыры судан ажыратылды.