Павлодарда қосымша трамвай кестесі пайда болады

Павлодарда қосымша трамвай кестесі пайда болады
Фото: Константин Шелков

Бұл кесте саяжай иелеріне ыңғайлы болу үшін жасалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Трамвай басқармасының хабарлауынша, №3 және №4 бағыттар үшін қосымша кестелер белгіленген. Жолаушыларды «Нефтяник» бағбандық орталығына дейін жете алады. Аталмыш кесте 11 сәуірден бастап өзгертілмек.

Еске сала кетейік, бұған дейін трамвай бөлімінің №1 жолды салуға ниетті екені белгілі болған еді. Ел Президенті Павлодарға сапары барысында трамвай қатынасын сақтау қажеттігін айтты.