Павлодарда зейнеткерлерге көмек көрсету жобасы іске қосылды
Жоба егде жастағы азаматтардың физикалық және психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазақстанның қызыл айы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы мәлімдегендей, өңірде «Volunteer experience» шағын гранты шеңберінде әлеуметтік жобаны іске асыру басталды.
– «Qamqor» бағыты бойынша жоба қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету, жалғыз тұратын қарттарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету болып табылады. Жобаны қаланың ішкі саясат бөлімі және «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі қолдауда, – делінген хабарламада.
Жоба егде жастағы адамдардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, салауатты дене, салауатты ақыл, салауатты өмір салтын дамытуға және олардың белсенді, шығармашылық, спорттық ұзақ өмір сүруіне жағдай жасауды көздейді.