Павлодарда полицейлерден қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады

Павлодарда полицейлерден қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады
Фото: Константин Шелков

Жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қараша күні сағат 00:25 шамасында Қамзин - Циолковский көшелерінің қиылысында «Lexus» автокөлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырған. Көлікті тоқтату барысында жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, жылдамдықты арттырып, қаша бастаған.

– Малайсары батыр – Российская көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, «Toyota Camry» автокөлігімен соқтығысты. 30 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді, – дейді департаментте. 

Сондай-ақ, бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өткені және міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін жүргізушіге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сотқа дейін жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды.