Ақсуда саяжайға өрт қойғандар ұсталды

Ақсуда саяжайға өрт қойғандар ұсталды

Құқық бұзушылар анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Ыдрысов» ЖК (Ягодка) саяжай бақшасында жүргізілген кезекті іс-шаралар барысында құрғақ шөп пен қоқысты өртеудің екі фактісін анықтаған. 

– Құқық бұзушылар анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім қабылданды, – деп жазылған хабарламада. 

Департаментте Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтарынан өз аумақтарындағы құрғақ шөп пен қоқыстарды өртемеуді  сұрайды.