Павлодарда құқығынан айырылған жүргізуші қайта мас болып ұсталды

Павлодарда құқығынан айырылған жүргізуші қайта мас болып ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол осыдан екі ай бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында түнгі рейд кезінде полиция қызметкерлері Jaecoo J7 автокөлігін тоқтатып, 31 жастағы жүргізушінің мас күйде екенін анықтады. 

– Тексеру барысында бұл азаматтың бұған дейін, яғни 2025 жылдың қазан айында мас күйінде көлік басқарғаны үшін жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда, құқығынан айырылғанына қарамастан, ол қайтадан мас күйінде рульге отырған, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты полиция тексеріс жүргізуде, ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, себебі мұндай әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.