Павлодарда үш адам үсіп қалды

Павлодарда үш адам үсіп қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың үшеуі де – ер адамдар, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 16 желтоқсанда дәрігерлер  аязда үсіп қалуға байланысты үш рет шықты. 

–  42, 48 және 63 жастағы науқастар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді жедел жәрдем станциясында.

Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Май ауданында тоғыз жасар баланың саусақтары аяздан үсіп қалған болатын.

Осы аптада қатты аяздың беті қайтып, сынап бағанасы нөлден жоғары болады. 19 желтоқсанда күндіз сынап бағанасы -2...-7°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытында секундына 9-14 метрге, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

20 желтоқсанда түнде -8...-13°С, ал күндіз -3...-8°С болады. Түнде облыстың басым бөлігінде қар жауады.