Павлодар облысында осы апта жылы болады

Павлодар облысында осы апта жылы болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қатты аяздың беті қайтып, сынап бағанасы нөлден жоғары температураны көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 19 желтоқсанда күндіз сынап бағанасы -2...-7°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытында секундына 9-14 метрге, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. 

20 желтоқсанда түнде -8...-13°С, ал күндіз -3...-8°С болады. Түнде облыстың басым бөлігінде қар жауады. 

21 желтоқсанда боран соғып, қар жауады. Сынап бағанасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -4...+1°С-қа дейін жылынады. 

22 желтоқсан күні қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -2...+3°С-қа дейін көтеріледі. 

23 желтоқсанда жауын-шашынсыз болады. Түнде және күндіз ауа райы -2...-7°С көрсетеді.