3 маусымда Павлодар облысында ыстық ауа райы сақталады
Күндіз ауа температурасы ...+32°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +15...+20°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Күндіз ауа температурасы +27...+32°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз.
Павлодар қаласында түнде +18...+20°C. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Күндіз сынап бағанасы +29...+31°C дейін көтеріледі. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді.