Павлодарда үш автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді

Павлодарда үш автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көпірге дейінгі жол жабылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кешкі сағат 20:00-ге дейін ауа райы қолайлы болған кезде Малайсары батыр көшесі бойынша Жібек жолы көшесінен Шарбақты көпіріне дейінгі қозғалыс жабық болады. Осыған байланысты № 40, 41 және 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді.

№ 40 және 41 автобус маршруттары Теміржолшылар кенті мен Жетекші ауылына «Павлодар -Успенка» тас жолы арқылы (аялдамаларға кірмей: Тароремонтная, Автодром, Фрегат, 1-ші саяжай, Мелиоратор, Тропинка, шағын кент, үлкен кент) кіріп-шығатын болады.

№ 126 автобус бағыты «Дальневосточная» аялдамасына дейін жетеді (Тароремонтная терминалына кірмей).