Павлодар облысында Start-up жобалар байқауы жарияланды

Павлодар облысында Start-up жобалар байқауы жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Оған 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар жастар орталығының мәлімдеуінше, облыстық "YoProject" Start-up байқауы жастар арасындағы кәсіпкерлік белсенділікті қолдау және көтермелеу мақсатында ұйымдастырылады.

- Негізгі талаптарының ішінде инновациясы іске асыру және орындау мүмкіндігі, әлеуметтік маңыздылығы, экономикалық орындылық және қаржылық тұрақтылық бар. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші өтінімді рәсімдеп, жеке куәлігінің/төлқұжатының/туу туралы куәлігінің көшірмесін қоса беріп, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38, мекенжайы бойынша 101 кабинетке ұсынуы қажет немесе kgu_crmi@mail.ru электрондық мекенжайға "YoProject"белгісімен жіберуі керек, - дейді ұйымдастырушылар.

Өтінімдер 16 қазаннан 17 қарашаға дейін қабылданады.