Павлодарда үш көлік соқтығысты

Павлодарда үш көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 сәуір күні Н. Назарбаев даңғылында «Toyota Camry» және «Ауди 100» маркалы автокөліктер соқтығысқан.

Соққы салдарынан «Toyota Camry» маркалы көлік құралы «Мерседес» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы және «Ауди» жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді.