Павлодарда дүкенде өрт шықты

Павлодарда дүкенде өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:08-де Бектұров көшесіндегі «Дарин» дүкенінен хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жедел құтқару жасағы және апаттық медицина орталығының қызметкерлері барды.

Электр қалқанының 0,1 шаршы метр аумағы жанғаны анықталды. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өрт сөндірілген.