Павлодар ауылында қалдықтар тастау фактісі бойынша іс қозғалды
Әлеуметтік желіде Павлодар ауылында қоқыс алаңында адам азғасына қауіп төндіруі мүмкін заттар шығарылғаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
– Бізге сүзгілер мен шамдарды әкеліп тастауда. Тракторлардың іздері жатыр. Шамдар топырақтың астынан шығып тұр. Жартысы көмілген. Бұл жағдай бірнеше күннен бері жалғасуда. Мұндай заттарды ашық аумақта тастауға рұқсат берілген бе? – дейді видеоның авторы.
Павлодар ауылының әкімі Сырым Рушановтың айтуынша, аталған видеоны әлеуметтік желілерде орналастырған ауыл тұрғындары мен Павлодар ауылы әкімдігінің өкілдері, Павлодар облысы экология департаменті, табиғат қорғау полициясы, жергілікті полиция қызметі ауыл аумағында орналасқан кәсіпорынның жүк машиналарымен қоқыс үйіндісіне қауіпті қалдықтар (люминесцентті лампаларды) шығарылған орынға барған.
– Бұл өтініш сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін 26 сәуір сағат 18.48-де Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Сондай-ақ, осы факт бойынша экология департаменті тұрғындардың өтінішін қабылдады, қажетті бірлескен іс-шаралар жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады, – дейді Сырым Рушанов.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабыне сәйкес әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.