Павлодарда үш көшедегі үйлер 12 сағат сусыз қалады
Тұрғындарға қажетті су қорын алдын ала жинап қою ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 1 қазанда Геринг және Российская көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мамандар жапқыш арматураны және су құбырының апатты учаскесін ауыстырады.
Осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру тоқтатылады:
- Российская көшесі: 2, 4, 5, 6, 8, 8/1, 8/2, 8/2А, 10;
- Украинская көшесі: 38, 38А, 38Б, 38В;
- Ермак көшесі: 11, 11/2, 13, 13/1, 15.
Кәсіпорын тұрғындардан жөндеу басталғанға дейін су қорын дайындауды сұрады. Жұмыстар сумен қамту жүйесін жақсарту үшін жүргізіледі.