Павлодарда үш шағын аудандағы кәріз жүйесі бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Қала әкімі құрылыстың аяқталу мерзімін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Хасар Хабылбеков өзінің Іnstagram парақшасында тікелей эфир жүргізу барысында Зеленстрой, Екінші Павлодар, Горторг шағын аудандарындағы кәріз жүйелерінің құрылысы жайлы баяндап берді.
– Зеленстрой шағын ауданында Каз. правда көшесіне қарай желілерді салу аяқталу сатысында. Жұмыстар бірінші жартыжылдықтың соңына дейін тәмамдалады. Екінші Павлодар бойынша Литвинов көшесі бойынша жұмыстар аяқталуда. Горторг шағын ауданы бойынша су бұру бойынша жоба аяқталды,– деді қала әкімі.
Оның сөзінше, мамыр айында Целинная және Архангельская көшелеріндегі жұмыстар өз мәресіне жетеді.
– Биыл кәріз жүйесі бойынша үшінші кезеңнің құрылысын аяқтаймыз. Бұл - Нұрмағамбетов-Литвинов көшелері. Қазір төртінші кезең бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз,– деп атап өтті Хасар Хабылбеков.
Төртінші кезеңге Щедрин көшесінен Малайсары батырға дейінгі көшелер кіретін болады. ЖСҚ аяқталғаннан кейін, келесі жылы кәріз желілерінің құрылысы басталады.
Еске сала кетейік, былтыр күзде аймақ басшысы Асайын Байханов проблемалы үш инфрақұрылымдық жобаны тезірек аяқтауды тапсырды. Бұл Екінші Павлодар, Зеленстрой және Горторг шағын аудандарындағы кәріз жүйелерінің құрылысы. Үшеуі де кестеден қалып келген болатын.