Павлодар ауылында екі жылдан кейін су құбыры іске қосылды
Ағымдағы жылы желілердің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Жұмыс өткен жылдың күзінде аяқталуы керек еді. Жобаны жүзеге асыруға 1,2 млрд теңге бөлінді. Алайда аяқталу мерзімі биылғы жылға шегерілген болатын.
Су құбыры ауылдың 1925 абонентіне қоршауға дейін жеткізілді, әрі қарай тұрғындар өздері тарту керек. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің 70 пайызы қосылған.
Павлодар әкімдігінде су құбырын іске қосуды кешіктіру себебін жобаның бастапқыда екі жылға жоспарланғанымен түсіндіреді.
Қала әкімімен өткен есептік кездесуде ауыл тұрғындары қоғамдық көліктің жетіспеушілігі туралы сұрақ көтерген. Тұрғындар балалардың мектепке баруы үшін автобустарда орын болмай жатқандығына шағымданған.
Ержан Иманзайыпов мәселені шешу үшін 1 қазанға дейін қарбалас уақытта қосымша автобустар шығаруды тапсырған.
Сондай-ақ жиында әкім көшелерді абаттандыру мәселесі жайлы айтқан.
– Биыл ауылдың 17 көшесіне асфальт төседік. Алдағы уақытта тағы 31 көшеге асфальт төсеу жоспарымызда бар. Келесі жылы басты жолдарды тротуарлармен жабдықтауды тапсырды, – деді әкім.
Айта кетейік, биыл 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуда.