Павлодар университетінде республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары басталды

Биыл байқауға еліміздің бес жоғары оқу орнынан 20 студент қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым күніне орай ғылымның дәстүрлі онкүндігі бастау алды. Бірінші іс-шара ретінде Жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебі ұйымдастырған биология бойынша студенттердің зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы ұйымдастырылды.
Аталмыш жарыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен студенттер мен оқытушыларды жинады. Ол жаратылыстану ғылымдарының бакалавриат студенттері мен колледж студенттеріне арналған. Іс-шара студенттерді ғылыми жұмысқа белсенді тарту және білім беру мазмұнын жаңарту арқылы білім беру сапасын арттыруға бағытталған.
Байқау екі номинация бойынша өтті: «Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында биология бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» және «Үздік әдістемелік әзірлеу және педагогикалық мақала».
– Байқаудың ерекшелігі университет оқытушыларының ғана емес, сонымен қатар Павлодар қаласының биология мұғалімдерінің де қазылар алқасына қатысуы болды, бұл студенттердің жұмысын мұқият бағалауға мүмкіндік берді, – дейді ұйымдастырушылар.
Байқау жыл сайынғы дәстүрге айналды және университетте студенттік ғылымның дамуында маңызды рөл атқарады. Зерттеу жұмыстары офлайн және онлайн форматта өткізілді, бұл қатысушылар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді.