Павлодарда Ұлы Отан соғысының ардагері өмірден озды

Николай Поддубныйдың өмір жолы – батылдық пен Отанға деген адал махаббаттың жарқын үлгісі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Поддубныйды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне аймақ басшысы Асайын Байханов қатысып, ардагердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Сондай-ақ ҰОС қатысушысын еске алуға Павлодар әкімі Хасар Хабылбеков, өңір активі, ардагерлер мен жұртшылық келді.
Николай Григорьевич Новосібірде дүниеге келген. Соғыс басталғанда 16 жаста еді. Қолөнер мектебін аяқтағаннан кейін әскер қатарына шақырылып, Омбыдағы танк мектебінде оқудан өтіп, соғысқа аттанады. Солтүстік-батыс және Украина майдандарындағы ұрыстарға қатысып, жараланады. Жеңісті Германияның Бауцен қаласында қарсы алады.
Жауынгерлік ерліктері үшін «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Кеңес Одағының маршалы «Жуков» орденімен, «Отан соғысы» орденімен, мерейтойлық наградалармен марапатталған.