Павлодарда Ұлттық Дельфий ойындары өтті

Павлодарда Ұлттық Дельфий ойындары өтті

Биыл 5-9 жастағы балалар да қатысады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекованың айтуынша, Дельфий ойындары - мұраны сақтау, жас таланттарды іздеу және қолдау, жас ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, жеке тұлғаның рухани қалыптасуына көмектесу, мәдениетаралық диалог пен мәдени дамудың тиімді құралы болып табылатын кешенді жарыстар. 

Өңірлік іріктеу турлары дарынды жастарды анықтау және қолдау, өңір орындаушыларының кәсіби өсуіне жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Дельфий ойындарына қатысу үшін өңірлік құрамаларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі. 

- Дельфий ойындарының осы маусымдағы басты ерекшелігі - барлық аймақтық іріктеуді Ұлттық Дельфий комитеті  және халықаралық Дельфий қазылар алқасы мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылуында. Бұған дейін аймақтардағы ойындарды жергілікті шығармашылық қоғамдастық өткізген және біз қазірдің өзінде құрылған аймақтық командалармен жұмыс істедік. Ал биылғы маусымда таланттарды сапалы іріктеу және ілгерілету мақсатында ел өңірлеріне барамыз, - дейді Құралай Түспекова. 

Ойындар ашық форматта 17 конкурстық номинация бойынша өтті. Оған 10-15 және 16-25 жас аралығындағы балалар мен жастар қатысты. Сондай-ақ, кішкентай балалар да  назардан тыс қалмады.

- Соңғы жылдары біздің кішкентай таланттарымыздың ойындарға қатысуы үшін көптеген сұраныстар келіп түсті, сондықтан биыл 5-9 жастағы балаларға арналған фестиваль бағдарламасын іске қостық. Бұл балалар Дельфий комитетінің бақылауында болады, -  дейді академиялық ән айту, халық аспаптары, халық әні, халық биі, заманауи би, фотография, қысқаметражды фильм, киім дизайны, көркемсөз, театр өнері, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер. 

Дәстүрлі түрде екі параноминация өткізіледі: ым-ишара тілінде ән айту және есту қабілеті бұзылған таланттарға арналған хореографиялық өнер. Атаулы шараға 5 мүмкіндігі шектеулі тұрғын қатысты. Олардың бесеуі де ым-ишара тілінде ән айту номинациясын таңдаған.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.