Павлодарлық тұрғындар үйдің әр қабатына бейнекамера орнатты

Павлодарлық тұрғындар үйдің әр қабатына бейнекамера орнатты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл бейнекамералар олардың мүліктерін, тұрақтардағы көліктерін сақтауды қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары «Павлодар – Online» ЖШС бірлесе отырып,  академик Бектұров көшесі, 109 мекенжайындағы үйдің тұрғындарымен «Үйді қалай қауіптен қорғауға болады?» деген мәселені талқылады.   

Нәтижесінде тұрғындар бейнебақылау камераларын орнату бойынша ұжымдық шешім қабылдады.  Бұл бейнекамералар құқық бұзушылықтардың жолын кесуге арналған. 

Мұндай бейнебақылау үйдегі және оған іргелес аумақтағы қоғамдық тәртіпті жақсартады, – дейді тұрғындар. 

Тұрғындардың шешімі бойынша үйдің әр қабатында, жалпы саны 33 дана бейнекамера орнатылған.