Павлодарда Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада қаза тапқан жауынгерлерді еске алды

Павлодарда Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Батырлықпен көз жұмған сарбаздардың есімі бүгінде Ұлттық ұлан тарихында айрықша орын алады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6679 әскери бөлімінде 2016 жылы маусым айында Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде орын алған қарулы лаңкестік әрекетті тойтару кезінде ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оған бөлім командирі, подполковник Айбек Арыстанбаев және әскери бөлімнің ардагері, запастағы майор Сабыр Мусин қатысты. 

  Бұл еске алу күні – болашақ буынға патриоттық тәрбие берудің, Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Батыр сарбаздардың ерлігі – мәңгілік жадымызда, –  деп атап өтті әскери бөлім командирі.

Ол өз сөзінде сол қайғылы оқиғада жауынгерлердің Отан алдындағы антына адал болып, бейбіт халықты қорғау жолында өмірлерін қиғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ «Мәңгілік сапта» патриоттық акциясы өткізілді. Қатысушылар ерлікпен қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады.