Павлодарда әйелдерден құралған әскери қызметшілерге төсбелгілер табысталды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімде 20-ға жуық ару қызмет етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық нәзік жанды әскери қызметшілер Ұлттық ұлан басшылығының Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– 8 наурызда бүкіл адамзат айтулы мереке – Халықаралық әйелдер күнін атап өтеді. Бұл күні біз ошақ қасы, ерлердің лайықты да адал серігі әйелдерге бас иеміз. Әйелдер Отанымыздың қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосып, отбасылық байланыстарды нығайтуда, ел азаматтарын тәрбиелеуде және адамгершілік қарым-қатынастарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, – деді 6679 әскери бөлімінің командирі подполковник Аманжол Әйтенов.
Марапаттау рәсімінің соңында И.Байзақов атындағы филармонияның солистері, «Шаңырақ» мәдениет сарайы және бөлімшенің әскери қызметкерлері барша әйелдер қауымына мерекелік концерт ұсынды.