Ақындар батлы: Павлодарда сарбаз бен ұстаз айтысады

Ақындар батлы: Павлодарда сарбаз бен ұстаз айтысады
Фото: Константин Шелков

Екі ақынның бірі әскери бөлімінің сарбазы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада креативті шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Поэзия сәулесі» ақындар батлы ұйымдастырылмақ. 

Бұл мәдени батл 5512 әскери бөлімінің сарбазы Елдос Оразбай пен Бейсен Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2-курс студенті Қарақат Тілеуберді арасында өткізіледі.

– Поэтикалық батл өңіріміздің талантты жас ақындарының шығармашылық шабытына арқау болып, сайыс барысында болатын түрлі қызықтардан құр қалмаңыздар, – дейді кітапханада. 

Аталмыш шара 12 желтоқсан күні сағат 11:00-де басталады.