Павлодарда қала күнінде қандай көрмелер ашылады?
22 шілдеде барлық көрмелерге кіру тегін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала күніне орай Павлодар қаласының музейлерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
22 шілдеде Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Д. П. Багаевтың фотосуреттеріндегі қала тарихы» көрмесінің ашылуы өтеді.
Дәл сол күні «Ertis» мультимедиялық музейінде «Павлодардың палеонтологиялық шежіресі» көрмесі өткізіледі.
Д.П.Багаев музей-үйінде 17-23 аралығында «Блокадалық альбом» фотокөрмесі, Фотография длиною в жизнь» дәрісі, 22 шілде «Д. П. Багаевтың фотосалонында. Павлодар ХХ ғасырда» көрмесі өткізіледі.
23 шілдеге дейін Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Жүргенов атындағы академия түлектерінің «Алматы аккорды» көрмесі, Александр мен Дмитрий Пархоменконың фотосуреттерінің көрмесі, Аңсаған Мұстафа авторлық әлеуметтік плакат көрмесі музей төрінен орын алады.
21-24 шілде аралығында Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде
«Әсем қалам Павлодар» атты көрме ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары ұйымдастырылатын барлық көрмелерді таңғы сағат 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін тамашалай алады.