Павлодарда өрт кезінде 15 адам құтқарылды

Павлодарда өрт кезінде 15 адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, өрт Лермонтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде шыққан.

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 15 адамды, оның ішінде алты баланы құтқарып қалды.

Өрт толықтай сөндірілді, шығу себебі анықталуда.