Ақсуда мас мотоциклшы жауапқа тартылды
Мотоцикл мамандандырылған тұраққа қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер күдік тудырған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.
Әңгіме барысында жүргізушіден қатты алкогольді иіс шықты. Медициналық куәландыру жүргізушіде орташа дәрежелі алкогольдік масаңдықты растады.
– Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізушіге қатысты материал жасалып, сотқа жіберілді. Мотоцикл мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.
«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Тәртіп сақшылары іс-шара барысында көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram