Павлодарда өтетін сенбілік уақыты өзгерді
Оған себеп ауа-райының күрт өзгеруі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігі мәлімдеді.
- Ауа райының нашарлауына байланысты аумақты тазарту және абаттандыру бойынша жалпы облыстық сенбілік 29 сәуірге ауыстырылады. Аймағымызды бірге жақсартайық, - делінген хабарламада.
Облыстың барлық тұрғындарын осы іс-шараға қатысуға және алдағы сенбіліктерге белсене ат салысуға шақырады.
Еске сала кетейік, ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов аймақта санитарлық тазалық жүргізу үшін 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында Павлодар облысында тазалық айлығын жариялауды ұсынған болатын.
Облыс әкімі Асайын Байханов 1 сәуірден бастап қалалар мен аудандарда жалпы тазалық марафонын бастауды тапсырған еді.