Павлодардан Астанаға жаңа туған сәби шұғыл тасымалданды
Жаңа туған сәбиге елордада мамандандырылған медициналық көмек қажет болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштары санитарлық авиация қызмет көрсету туралы шарт аясында Астана - Павлодар - Астана бағыты бойынша санитарлық рейс орындады.
— Жаңа туған сәбиге елордада мамандандырылған медициналық көмек қажет болды. Қажетті медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін сәби Павлодардан Астанаға шұғыл түрде жеткізілді, - делінген хабарламада.
Елордаға жеткеннен кейін сәби жүрек орталығына жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.