Павлодардағы көпқабатты үйде өртке қарсы оқу-жаттығу ұйымдастырылады
Төтеншеліктер тұрғындарды алаңдамауға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
- Оқу-жаттығу 2026 жылдың 19 ақпанында сағат 15:00-де Павлодар қаласы, Академик Шөкин көшесі, 100 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйде өтеді, - делінген хабарламада.
Іс-шара барысында құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялау, жоғарғы қабаттардағы шартты өртті сөндіру, биіктік техникасын өрістету және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтайды.