Павлодарда жеті көше сусыз қалады

Павлодарда жеті көше сусыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кешке дейін су болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 6 наурызда су құбыры желісінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Павлодар-Водоканал» ЖШС сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша су беруді тоқтатады:

Н. Назарбаев даңғылы, 190;

Амангелді көшесі, 21/1, 47, 47/1, 51/1;

Баратбаев көшесі, 1 - 19, 2 – 54;

Кунавин көшесі, 1/2 - 55, 2/2 – 52;

Кенжетаев көшесі, 1 - 49, 2 – 48;

Бірлік көшесі, 1/2 - 49, 2/2 – 20;

Нұркин көшесі, 33 - 55, 88 – 100;

Исабаев көшесі, 44 - 80, 69 – 79.

Су жинайтын бағана Амангелді – Баратбаев, Рылеев - Кунавин, Амангелді - Бірлік көшелерінде орналасқан.