Павлодардағы сауда үйінің бірінің аумағына автотұрақ салынбақ
Ол өңір тұрғындарының өтінішінен кейін қолға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.
- Азаматтардың өтініші бойынша Мәшһүр Жүсіп көшесі, 16 мекенжайына бардым. Оған себеп – бұған дейін қала тұрғындары «Варшава» сауда үйінің жанында автотұрақ аймағы жоқтығын айтып, аталған мәселені көтерген болатын, - деп жазады шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында.
Хасар Хабылбеков аталған мекенжайға арнайы келіп, тұрғындармен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша қалалық қызметкерлерге кәсіпкерлермен бірлесіп осы мәселені жан-жақты қарастырып, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, автотұрақ аймағын ұйымдастыруды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram