Павлодардағы үлкен айналма жол қозғалысы шектеледі

Павлодардағы үлкен айналма жол қозғалысы шектеледі
Фото: Константин Шелков

Бұл жол үш күнге жөндеу жұмыстары үшін жабылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, үшінші тамыздан алтыншы тамызға дейін үлкен айналма жол жөндеу жұмыстарына жабылады. 

Циолковский көшесінен Малайсары көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылады. 

– Осыған байланысты көлік қозғалысы Циолковский, Кіші айналма жол, Малайсары батыр көшелері арқылы ұйымдастырылады, – делінген хабарламада. 

Жүргізушілерді жол бағытын алдын ала құруды сұрайды.