Павлодардың мерген полицейі кім? (ВИДЕО)

Павлодардың мерген полицейі кім? (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасының  жедел қимылдайтын арнайы жасағының құрылғанына 20 жыл толуына арналған практикалық ату бойынша матч  өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның атқыштар тирінде өткен сайыста мерген атағы үшін ЖҚАЖ қызметкерлері сайысқа түсті. 

– Практикалық ату бойынша жарыстардың басты қағидасы – қару-жарақпен жұмыс істеудегі қауіпсіздік, сондай-ақ  спорттық қызығушылық болып табылады. Тәртіп сақшылардың әрқайсысы ең жақсы қасиеттерді – дәлдік, ерік-жігер мен ептілікті көрсете біледі деген сенімдемін, – деді ЖҚАЖ командирі Руслан Каңтарбаев матчтың ашылуында. 

Егжей-тегжейлі нұсқаулықты Павлодар облысы IPSC практикалық атыс федерациясының судьясы Андрей Егоров жүргізді. 

Жарыс қорытындысы бойынша Жәнібек Сыздықов жалпы есепте үздік атқыш болып танылды. Алтай Алигожин күміс жүлде иегері атанып,  үздік үштікті Бақтияр Қабылда түйіндеді. 

– Мен үшін бұл матч маңызды, өйткені біздің бөліністің 20 жылдығына арналған. Ату бұл ерекше  ерекше сезім сыйлайды:  дәлдік, ептілік пен ерік-жігер. Міне, мұның барлығы практикалық атуға деген қызығушылықты арттырады. Бүгін мен  көшбасшы орынға ие болдым, сол үшін өзіме дән ризамын, – дейді Жәнібек Сыздықов.

Матч соңында барлық қатысушылар федерация атынан медальдармен марапатталды.