Павлодардың бір бөлігі жарықсыз қалды
Оған электр сымдарының үзіліп қалуы себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодарэнерго» ЖШС-ның мәліметінше, 18 наурызда сағат 10:00-де №105 110 кВт әуе желісінің апаттық ажыратылуы орын алды.
– Ажыратудың алдын ала себебі – үлкен көлемді жеке техниканың тиіп кетуі салдарынан желінің үзілуі. Қазіргі уақытта «ПРЭК» АҚ персоналы тұтынушыларды қайта қосумен айналысуда. Жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде, – деді компанияда.
Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, қаланың үлкен аумағы жарықсыз қалды. Атап айтқанда, Екінші Павлодар, Үлкен айналма жол, Естай, Чайковский, Осипенко, Шөкин, Ломов, Естай, Айманов, Катаев, Қамзин, Кривенко, Павлов, Дүйсенов, Росковая, Абай, М.Жүсіп көшелері бойында электр қуаты өшірілді.
Апат болжаммен 1,5-2 сағат көлемінде жойылады.