Екібастұзда донорлық күн өткізіледі

Екібастұзда донорлық күн өткізіледі

Қан тапсыруға ниет білдірушілерде өзімен бірге растайтын құжат болуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы қан орталығының мәлімдеуінше, 28 ақпан күні «Екібастұз қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізінде барлық қан топтары үшін көшпелі донорлық күн ұйымдастырылады.

Қабылдау уақыты сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады.

Өтетін орны: Торайғыров көшесі, 32, басты кіреберіс, бірінші қабат.  

Толық ақпарат алу үшін +7(7182)32-48-32, +7(777)462-80-43 телефон нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.