Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде жарық болмайды

Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қорғалатын аумақта ағаштарды кесу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін М. Жүсіп – М. Есеналиев – Желтоқсан – Естай көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалады.

Сонымен қатар келесі мекенжайлар бойынша да электр қуаты сөндіріледі:

  • қалалық бақша;
  • Желтоқсан көшесі, 129 – қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі, 139/1;
  • Гоголь тұйық көшесі, 123 – «Тамерлан» бизнес орталығы, 128 – «Лаборатория красоты» шаштаразы;
  • Н. Назарбаев даңғылы, 200/4, 200/9 – «Viamedis Pavlodar» ЖШС;
  • Жаяу Мұса көшесі, 7Б.