Екібастұзда автокөлігіне картоннан нөмер жасап алған жүргізуші анықталды

Екібастұзда автокөлігіне картоннан нөмер жасап алған жүргізуші анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалануды көздеген тұрғынның ойы іске аспады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

–  Екібастұз қаласында полицейлер көлік ағынынан ерекше көзге түскен автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші мемлекеттік нөмірдің көшірмесін жасатуға ақша шығармай, оны кәдімгі картон мен қара маркердің көмегімен өзі жасап алған, - делінген хабарламада.

Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

Жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды. «Шебер» жүргізушінің ендігі тағдыры сот шешімінен кейін белгілі болмақ.